Президент • 15 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Кемелұлы елді тиімді басқарып келеді - Елбасы

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында қазақстандықтарды Президенттің бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Кемелұлы елді тиімді басқарып келеді - Елбасы

«Бізге алдағы уақытта бейбітшілікті жақтайтын саясатымыз бен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы игі әрекеттерімізді жалғастыра беру керек. Солай істеліп жатыр. Көпшілік халықтың қолдауымен ресми жоғары билік тізгінін қолына алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінде стратегиялық бағдарламаларды лайықты жалғастырып, елді тиімді басқарып келеді», деді Тұңғыш Президент.

Сондай-ақ, ол қазақ тарихындағы өкінішті сәттердің бәрі ел бірлігіне сызат түскен кезде орын алғанын еске салды.

«Тарихтан білесіздер. Қазақ қосылған кезде жеңбеген жауы болған жоқ. Қазақ кішкене ыдыраған кезде кім болса, сол келіп талап кеткен. Соны өзіміз де, жастарымыз да ешқашан ұмытпауы керек. Сондықтан Президентімізді қолдап, бастамаларының барлығына жұмыс істеп, бір адамдай болса, бір қолдан жең шығарсақ, бір иықтан бас шығарсақ, болашақтағы табыстарымыз мол болады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.